Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматылықтар жер сілкінісін сезді. Мамандардың мәліметінше, таңғы сағат тоғыздар шамасында магнитудасы 4 балдық жерасты дүмпуі болған. Зілзаланың ошағы мегаполистен оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде байқалған. Қарасай ауданында, соның ішінде Қаскелең мен Боралдайда жер сілкінісі – 3 балл, ал Өтеген батыр елді мекенінде дүмпу күші 2 балл шамасында сезілген. Жер сілкінісінен кейін Алматыдағы бірқатар мектепте оқушылар қауіпсіздік мақсатында сыртқа шығарылды. Ал қала тұрғындарының айтуынша, кейбір кеңсе қызметкерлері де ғимараттардан өз беттерінше эвакуацияланған. Мамандардың айтуынша, тұрғындардың ұялы телефондарына ескерту хабарлама жіберілген.
ЕРГЕН БАТПАСОВ, ТЖД БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:
— Сейсмология мамандарымен жер сілкінісінің ошағы мен қарқындылығы анықталуда. Тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Ақпарат толықтырылады. Жағдай бақылауда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.