Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Елімізде жол сапасын қадағалауы тиіс 22 сарапшы қызметінен босатылды. Тексеріс кезінде 1700-ге жуық ақау анықталған. Оның ішінде шұңқырлар мен жарықтар, асфальттың ығысуы, ойықтар мен көлік қозғалысына кері әсер ететін өзге де кемшіліктер бар. Әзірге олқылықтардың жартысына жуығы ғана жойылған. «ҚазАвтоЖол» мамандары осы уақытқа дейін 50-ге жуық нысанды тексеріп шыққан. Жолдың сапасын дұрыс бақыламаған мамандарға 53 миллион теңгеден артық айыппұл салынды. Бұған дейін Президент жол құрылысының сапасына ерекше назар аударған еді. Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір нысандардың сапасы сын көтермейтінін айтып, құрылыс жұмыстарына бақылауды күшейтуді тапсырған.
«ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АҚ:
«ҚазАвтоЖол» жол жұмыстарының сапасына және техникалық қадағалауға қойылатын талаптарды күшейтуде. Мердігер ұйымдарға кемшіліктерді жою жөнінде талап қойылып, жауапты тұлғаларға тиісті шаралар қолданылады. Жол нысандарының сапасын тексеру республикалық жол желісі бойынша жалғасады».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.