СҚО-да коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялар заңсыз субсидия алып келген

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Еліміздің солтүстігінде коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялардың заңсыз субсидия алып келгені әшкере болды. Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері өңірде арнайы тексеріс жүргізіп, бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелі бар екенін анықтаған. Сумен жабдықтаушы ұйымдар мемлекеттен демеуқаржы алу үшін заңды тұлғалар пайдаланған су туралы құжаттардағы көрсеткіштерді әдейі төмендетіп, халық тұтынған тіршілік көзінің көлемін керісінше көбейтіп жазған. Салдарынан мемлекетке 460 миллион теңгеден астам шығын келді. Бүгінгі күні сегіз қылмыстық істің алтауы бойынша тергеу аяқталып, іс сотқа жіберілді. Бір айыпталушыбас бостандығынан айырылды.
ДИАС ҚАБЕШ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:
— Негізгі проблема – тиісті бақылаудың жоқтығы. Сондықтан департамент тарапынан сумен жабдықтауды цифрлық бақылау бағдарламасын енгізу туралы ұсыныс жасалды. Қазір бұл жүйе Мағжан Жұмабаев ауданында сынақтан өтіп жатыр. Жоба сәтті жүзеге асса, оны қалған аудандарға енгіземіз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал