Қарағанды облысында мал ұрлығына қарсы күрес күшейтілді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қарағанды облысының тас жолдарында мал ұрлығына қарсы күрес күшейтілді. Өңірде 19 полиция бекеті қойылды. Ет тасымалдайтын жүргізушілер тоқтатылып, тексерілуде. Полицейлер ветеринариялық анықтамаларды қарайды. Құжаттарда малдың шыққан жері көрсетілуі тиіс. Былтыр осындай шаралар нәтижесінде мал ұрлығының 8 дерегі анықталған. Мобильді бекеттер күз соңына дейін жұмыс істейді. Өйткені күздікке сұраныс артқан шақта мал ұрлығы жиілейді. Әдетте төрт түліктің басым бөлігі қараусыз қалған жайылымдардан ұрланады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал