Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Алматы облысында жиде ағашы мен шренк шыршасының тұқымын жинау апталығы басталды. Оған орманшылармен қатар жергілікті колледж студенттері және мектеп оқушылары қызу атсалысты. Ауыл белсенділері бұл жолы «Күрті орман шаруашылығы» аумағынан 200 келі жиде тұқымын жинады. Алдағы уақытта оны 500 келіге жеткізуді жоспарлап отыр. Жиналған тұқым облыс аумағындағы тұқымбақтарға егіліп, екі жылдан соң арнайы дайындалған алқаптарға көшіріледі.
БАУКЕН ЕРҒАЛИ, ОҚУШЫ:
— Біз Қазақстанды, өз елімізді әрқашан таза ұстауымыз керек. Қоқысты арнайы қоқыс жәшігіне тастауымыз қажет. Көп ағаш егіп, Қазақстан халқына пайда тигізуіміз керек.
ҒАБИТ АҚШАБАҚОВ, «КҮРТІ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ:
— Бүгін Қонаев атындағы орта мектеп және ауыл белсенділері 2 млрд ағаш егу жоспарын орындау мақсатында бірлесіп, ауылдың тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді, жиде ағашының тұқымын терді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.