Елордадағы Ботаника бағы жас музыканттардың сахнасына айналды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Елордадағы Ботаника бағы жас музыканттардың шағын сахнасына айналып келеді. Кешкілік мұнда ән айтып, қала тұрғындарына көңіл күй сыйлайтын жастар көбейген. Бірақ олардың өнеріне жұрттың көзқарасы қандай және бақта ән айтуға заң не дейді?
ДІЛНАЗ ҚОРДАБАЙ, ТІЛШІ:
— Әдетте ботаникалық бақта жапырақтың сыбдыры мен құстардың сайрағаны естіледі. Ал кейінгі кездері қала тұрғындарына әуезді ән сыйлайтын жастардың қарасы көбейген. Солардың бірі – «Орта Триумф» тобы. Өнер жолына жаңа қадам басқан жігіттердің саябақты сахнаға айналдыруының сыры неде?
Жас әртістер ботаникалық бақта танысып, бір ай бұрын топ құрған. Олар кешкі алтыдан онға дейін кейін дәл осы жерде өнер көрсетеді.
НҰРАСЫЛ ЗКРИН, СОЛИСТ:
— Негізгі мақсатымыз — сахна және осы қазақ тарихында өзіміздің ізімізді қалдыру. Біз ән айтып тұрғанда көрермен келіп: «Инстаграмдарың бар ма? Концерттерің бола ма?», — деп өздері сұрап бастады. Бұл бізге әрі қарай мотивация берді.
Өнер жолын мейрамханаларда ән шырқап бастаған әнші Қайрат Баекенов қазір жас таланттарға мүмкіндіктің көп екенін атап өтті.
ҚАЙРАТ БАЕКЕНОВ, ӘНШІ:
— Қоғамдық орындарда ән айтып жүрген музыканттарға ол үлкен тәжірибе деп ойлаймын. 5-6 хит шығуы үшін мен 100 ән жаздым. Тоқтамай әніңді шығара беру керек. Сонда бір ән әйтеуір құлаққа қонады.

«Орта Триумф» жігіттері аспабын алып, ботаникалық саябаққа жиі келеді. Әнін орындайды. Өздерін бір сәт жұлдыз сезінеді. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қолдау бар. Бірақ тәртіпті де ұмытпайды. Заңға бағынатын тұрғын сағат кешкі 10-да гитарамен ән айтуын тоқтатады. Өйткені жұртшылықтың мазасын алмауы тиіс.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал