Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Джеруто күміс алса, ауыр атлет Аянат Жұмағали да екінші орыннан көрінді. Сондай-ақ қоржынға батуттағы гимнастикадан Ерлан Тасмағамбетов пен әртістік жүзуден Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова қола медаль салды. Алайда марафондық спорттық жүрісте мәреге бірінші келген Ясмина Тоқсанбаеваның алтын жүлдесі есепке алынбады. Оның аяқ киімі халықаралық World Athletics ұйымының талаптарына сай болмай шыққан. Осы даудан соң, Қазақстан 9 алтынмен жалпы есепте 5-орынға тұрақтады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.