Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қазақтың ән өнерінде өшпес із қалдырған Роза Бағланованың мұрасы бүгінгі ұрпаққа да жетті. Оның дауысы жазылған таспалар мен орындаған әндері тұтас бір дәуірдің сырын сақтап тұрған қазына десек, артық айтпағандық. Қазақтың бұлбұлы атанған оның есімі ел тарихында алтын әріппен жазылған. Ол – майдан даласында жауынгерлерге ән салып, кейін қазақ өнерін әлемге танытқан дара тұлға. Соғыс жылдарында ол мыңнан астам концертке қатысып, 20 тілде 500-ге жуық ән орындаған. Алматы жастары Роза Бағланова жайлы не біледі? Кейінгі толқыннан оның шығармашылығы жайында сұрап көрген едік.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.