Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ӘСКЕРИ РЕФОРМА
Қорғаныс ведомствосының жұмысы түбегейлі трансформацияланады. Мемлекет басшысы әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырып, жаңадан тағайындалған қорғаныс министріне бірқатар кезек күттірмейтін міндет жүктеді.
ТІЛСІЗ ЖАУ
Жетісу облысында өрттен үш бала қаза тапты. Оның біреуі бірде, екіншісі бесте, үшіншісі сегізде. Олардың анасы мен тағы бір бала үйден шығып үлгерген. Қайғылы оқиға Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылында болды.
ЖЕР СІЛКІНДІ —
Алматыда жер сілкінді. Дүмпу ошағы қаладан 8 шақырым жерде тіркелді. Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының алдын ала дерегінше, зілзала қуаты 4 балға жеткен. Оқиғадан зардап шеккендер мен қираған мүлік туралы мәлімет жоқ.
ЖОЛ САПАСЫ
Жол жұмыстарына тиісті бақылау жүргізбеген 22 техникалық қадағалау сарапшысы жұмыстан шығарылды. Жыл басынан бері жол сапасын тексеру барысында 1 мың 670 ақау мен кемшілік анықталды. Жұмысқа салғырт қарағандарға 53,4 млн теңге айыппұл салынды.
ВЕЛОЖОЛ САЛЫНАДЫ
Қостанайда велосипедшілерді көптен бері мазалап жүрген мәселе шешілуі мүмкін. Қалада алғаш рет барлық ауданды байланыстыратын бірыңғай веложол желісі салынбақ. Оның жалпы ұзындығы 38 шақырымнан асады. Жоба құны екі млрд теңгеге жуықтайды.
———————————————
#Казахстан #Новости #7канал #НовостиКазахстана #СрочныеНовости #астана #алматы
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.