Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Щучинск қаласында өрттен ерлі-зайыпты қаза тапты. Олардың үйі түгел жанып кеткен. Үйде газ баллоны, болған. Өрттің өршуіне соның жарылуы да түрткі болса керек. Алдын ала болжам бойынша, үйді біреу әдейі өртеген болуы мүмкін. Күдік марқұм әйелдің ұлына түсіп отыр. Отбасының жағдайын білетін куәгерлер де осыны айтады. Қаза тапқан әйел кезінде неміс тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Қайғылы оқиға болған күні ерлі-зайыптылар мен олардың ұлы құрбысымен бірге ішімдік ішкен көрінеді. Дегенмен оқиғаның нақты қалай болғанын полиция анықтап жатыр.
ЛЮДМИЛА КАРЛИНСКАЯ, ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Олар ұлымен ұрсысып қалған. Ол үйге есірткі қолданатын бір әйелді алып келді. Олар осында тұрды. Ұлы маскүнемдіктен емделген, сол жерде әлгі әйелмен танысып, кейін оны осында алып келген. Кейін оларды үйден қуып жіберді. Олар бір жаққа кетіп қалды. Бірақ ұлы кек сақтап қалған сияқты.
ӘСЕМ ӘБДРАХМАНОВА, ПД ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Алдын ала мәлімет бойынша, 39 жастағы жергілікті тұрғын үйді қасақана өртеген. Оқиға салдарынан осы үйде тұрған ерлі-зайыпты қаза тапты. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.