Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Елордада бұрынғы әйелін пышақтап өлтірген ер адамның ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр. Күдікті ізін суытпай ұсталып, қамалған болатын. Бүгін осы іске қатысты бұрынғы төрт полиция қызметкерінің тұтқындалғаны белгілі болды. Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті тексеру жүргізіп, олардың үстінен қызметке салғырт қарау бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Айта кетейік, күдікті автотұрақта тұрған келіншекті 16 жерден пышақтаған. Әйел адам оқиға орнында көз жұмды. Марқұм бұған дейін бұрынғы күйеуінің үстінен полицияға бірнеше рет арызданған. Себебі ажырасқаннан кейін де ол әйелдің артынан қалмай, аңдып, қорқытып келген.
АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Тексеру нәтижесінде төрт қызметкер теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Екі аудандық полиция басқармасының бастықтары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бір орынбасары қызметінен босатылды. Департамент бастығы мен оның тағы бір орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Істің тергелу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.