Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шымкентте ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, жанжал кезінде оған әйелі пышақ сұққан болуы мүмкін. Қазір полицейлер қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр. Көршілерінің сөзінше, ерлі-зайыптылар пәтер жалдап тұрған. Кәмелетке толмаған екі баласы бар. «Бұған дейін ешқандай ұрыс-керіс болғанын естіген де, көрген де жоқпыз», — дейді көршілері. Күдікті келіншектің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.