Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қаланың қақ ортасында көлікке шабуыл жасап, бір адамды өлтірді деген алты сотталушыға қатысты сот процесі аяқталуға жақын. Сотта оқиға болған күнгі және одан бір күн бұрын түсірілген бейнежазбалар зерттелді. Кадрларда сотталушылардың алдын ала бір пәтерге жиналғаны көрінеді. Алайда олардың өздері мұны қылмысты жоспарлау үшін емес, достар ретінде бас қосқанын айтты. Сонымен қатар қорғаушылар марқұмның әкесімен медиациялық келісім жасалғанын, оның аясында сотталушылар екі пәтер бергенін жеткізді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.