Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында 120-дан астам қой мен ешкі бір кеште қырылып қалды. Ветеринарлар шұғыл тексеру жүргізді. Алдын ала болжам бойынша, малдың қырылуына улану себеп болуы мүмкін. Нақты қорытынды зертханалық сараптамадан кейін белгілі болады. Ауыл тұрғындарынан малдың жаппай қырылғаны туралы хабарлама түскен бойда оқиға орнына аудандық полиция және аумақтық инспекция мамандары барған. Мамандар мал су ішкен жерді де тексеріп жатыр.
НҰРАЛЫ СӘДІҒҰЛОВ, АВС КММ БАСШЫСЫ:
— Бейнеу ауылының әкімшілігі тарапынан көмектер көрсетіліп, өлекселер арнайы белгіленген шұңқырларыға көміліп, өртеліп, жойылды. Қалған мал тұрған қоралардың бәріне арнайы дезинфекция жасалды. Себебін лабораторияның қорытындысы анықтай жатады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.