Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Германиялық Handelsblatt іскерлік басылымында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарық көрді. Онда Мемлекет басшысы екі ел арасындағы серіктестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, оны әрі қарай қарқынды жалғастыруды ұсынады. Қазіргі таңда Қазақстан Еуропа экономикасында стратегиялық мәнге ие 34 шикізат түрінің 21-ін өндіреді. Осы ретте Қазақстан Президенті Берлинге қосылған құны жоғары өнімдер шығаратын өндіріс тізбегін бірге қалыптастыруды ұсынады. Сонымен қатар Мемлекет басшысы өз мақаласында Қазақстанда 200 мыңнан астам этникалық неміс өмір сүретінін, ал Германияда Қазақстанда туып-өскен миллионнан аса азамат тұратынын айта келе, ортақ тарихи жады және мәдени дәстүрлер қос халықтың арасын жақындата түсетінін жазады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
«Дәл осы берік тұғыр келешекке сеніммен көз тігуге мүмкіндік берері сөзсіз. Сондықтан Германияға бұл жолғы сапарымды, ең алдымен, стратегиялық серіктестігіміздің жаңа кезеңіне қадам басатын, жаңа өсім бағыттарын айқындайтын және бірлескен жұмысқа тың серпін беретін мүмкіндік ретінде қарастырамын. Бұған қажет алғышарттардың бәрі бар. 2025 жылы өзара сауда-саттық көлемі 9 миллиард долларға жуықтады (7,9 миллиард еуро). Қазақстанда германиялық капиталдың үлесі бар мыңнан астам кәсіпорын тіркелген. Осы ретте Қазақстан экспортын әртараптандыруға және қосылған құны жоғары өнімдер шығаруға айтарлықтай әлеует барын айтқым келеді. Біз Германия нарығына 80-нен астам дайын өнім түрін жеткізе аламыз».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.