Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында халықтың қарыз жүктемесін азайту жолдары талқыланды. «Әділет» партиясында өткен кездесуде проблемалық кредиттерді қайта құрылымдау, қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге көмек көрсету мәселелері көтерілді. Қазір елде 1,3 миллионнан астам азаматтың проблемалық кредиті бар. Мамандар қарызды реттеумен қатар, азаматтардың тұрақты табыс табуына жағдай жасауды ұсынды. Тараптар бұл бағыттағы жұмысты жалғастырмақ.
БАУЫРЖАН ОРАЗҒАЛИЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
— Сонымен қатар салдарымен жұмыс істеу ғана емес, алдын алу да маңызды. Ол үшін «Қарызсыз қоғам» жобасының аясында арнайы білім беру порталы жұмыс істейді. Сондай-ақ ұжымдар арасында үлкен кездесулер өткізіледі. Мысалы, жақында «Әскерилендірілген теміржол күзеті», әскери бөлімдер, оқу орындарымен осындай кездесулер өткізілді. Бұл – қызметкерлерінің қаржылай сауатын арттыруға ниет білдірген ұжымдар, яғни жекеменшік компаниялар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.