Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Таразда қайтарылған активтер қаражаты есебінен «Қайнар», «Мичуринец», «Ақжол» және «Родничок» тұрғын үй алаптарына орталықтандырылған су құбыры тартылды. Су желісін жүргізуге 700 миллионнан астам теңге жұмсалды. Сөйтіп, 5 мың қала тұрғыны таза ауызсумен қамтамасыз етілді. Бұған дейін тұрғындар 10 жыл бойы бұлақ суын ішіп келген. Бұдан бөлек, өңірде арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен 24,5 млрд теңгеге 31 нысан салынды. Оның 18-і пайдалануға берілді, қалғандарының құрылысы жалғасып жатыр. Мәселен, Талас ауданының Ақкөл ауылында занауи дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.
ДАРЫН ӘБЖАПАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРА БАСҚАРМАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
— Талас ауданында орналасқан Ақкөл ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. Кұны 285,2 миллион теңгені құрайтын бұл жаңа амбулатория замауи талаптарға сәйкес жабтықталған және бір ауысымда 45 адамға дейін қабылдау арналған. Амбулатория алғашқы медициналық санитаралық көмек көрсетуге қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, 2000-ға жуық адам аудан орталығына бармай-ақ, өз тұрғылықты жерлер бойынша заманауи медициналық көмек алуда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.