Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Жастарды экологиялық бастамаларға тарту үшін тек тазалық акцияларына қатыстыру жеткіліксіз. Кейінгі толқынға осы бағытта өз жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру керек. «Бұл – қоршаған ортаны қорғаумен қатар, өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, жауапкершілігін арттыруға жол ашады», — дейді Қазақстанның өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығының бас директоры Рүстем Қабжанов. Оның айтуынша, қалдықтарды кәдеге жарату, энергия үнемдеу, климаттық жобалар кейінгі буынның жаңа бастамаларына жол ашатын бағыттардың біріне айналуы тиіс. Сол себепті әсіресе эковолонтерлікті дамытып, экологияны жаңа экономикалық бағыт ретінде түсіндіру аса маңызды.
РҮСТЕМ ҚАБЖАНОВ, ҚӨЭБ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
— «Таза Қазақстан» жобасы – тек сенбілік өткізіп, аумақты тазалаумен шектелмейді. Бұл ретте жастардың идеяларын іске асыру аса маңызды. Олар қоршаған ортаны қорғауға қатысты тың бастамалар ұсына алады. Себебі қазіргі буынның білімі жоғары. Әрі жаңа технологияларды меңгеруге мүмкіндігі мол.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.