Қарағанды облысында 80-ге жуық елді мекен алкогольден бас тартқан

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қарағанды облысында ішімдіксіз ауылдар саны артып келеді. Өңірде 80-ге жуық елді мекен алкогольден бас тартып отыр. Солардың бірі Шет ауданындағы Талды ауылы. Ауыл дүкендерінің сөрелерінен құрамында спирті бар сусындар алынып тасталған. Тұрғындар да дастархан жайып, мерекелерін алкогольсіз өткізеді. Барлық ақпарат сюжетте.
Талды ауылында алкогольден бас тартуға бастамашылардың бірі – жергілікті учаскелік полиция инспекторы. Ол алкоголь тұтынбайды және басқаларды соған шақырады. Полиция қызметкерінің айтуынша, спирттік ішімдіктердің болмауы қылмыстық ахуалға тікелей әсер етеді.

МҰХАМЕДҚАЛИ САДУАҚАССОВ, УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ:
— Осы жаққа келгелі Талды ауылын ішімдіксіз ауыл қатарына қостық. Ауыл ақсақалдарымен, ауыл әкімімен бірлесіп, осы жұмысымызды жалғастырып жатырмыз.

Талды ауылында 530 адам тұрады. Тұрғындар үшін ішімдіксіз ауылдар қатарына қосылу маңызды болған. Алкогольден бас тартқаннан кейін ауыл әкімдігі тұрғындарға салауатты өмір салтын ұстануға жағдай жасауды қолға алған. Ауылда спорт кешені де пайда болды.

Қарағанды облысында алкогольден белсенді түрде бас тарту осыдан үш жыл бұрын басталған. Ең көп ішімдіксіз ауыл Ақтоғай, Қарқаралы және Осакаров аудандарында орналасқан. Біртіндеп бұл бастаманы басқа аудандардың тұрғындары да қолдап келеді. Белсенділер мен полиция қызметкерлері өңірдің ірі қалаларында датұрғындар бұл мәселеге жауапкершілікпен қарай бастайды деп үміттенеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал