Щучинскіде өрттен ерлі-зайыпты қаза тапты: ұлы күдікке ілінді | 29.09.2026

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

ҚАСАҚАНА ҚОЙЫЛҒАН ӨРТ
Баласы әке-шешесін өртеп жібергені рас па? Щучинскіде жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды. Олар – ерлі-зайыпты. Тілсіз жау жұрт шырт ұйқыда жатқанда шарпыған. Полиция от қасақана қойылған болуы мүмкін деп күдіктенеді.

ПОЛИЦИЯ КҮДІГІ
Шымкент полицейлері ер адамды өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Оны әйелі пышақтаған болуы мүмкін деген де күдік бар. Отбасылық жанжалдан туған қайғылы жағдайды тілшіміз зерттеп көрді. Ақиқаты қайсы, көз жеткіземіз.

КҮЗГІ ЖИЫН-ТЕРІН
Қыста көкөніс бағасы шарықтап кетпесін. Олжас Бектенов өңір басшыларына жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды. Үкімет отырысында күзгі жиын-терін науқаны барысы талқыланды. Биыл қамба астыққа тола ма?

ПРЕЗИДЕНТ САПАРЫ
Біз Германияға стратегиялық маңызды материалдар саласында серіктестік құруды ұсынамыз. Мемлекет басшысының Handelsblatt іскерлік басылымында жарияланған мақаласында осылай айтылған. Президент Берлин мен Мюнхенде өтетін бизнес-форумға қатысады.

ҮНЕМІ САУ
Қарағанды облысында ішімдіксіз ауыл саны артып келеді. Өңірде 80-ге жуық елді мекен алкогольден бас тартты. Солардың бірі – Шет ауданындағы Талды ауылы. Мұндағы дүкендерде құрамында спирті бар сусын сатылмайды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал