Астанада автобус пен Zeekr көлігі соқтығысты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Астанада автобус пен Zeekr көлігі соқтығысты. Төрт адам зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Ал полиция оқыс оқиға барысын тексеріп жатыр. «Жолдың түйілісінде болған апатқа электромобиль жүргізушісі кінәлі. Өйткені ол қоғамдық көлікті өткізбеген», — дейді тәртіп сақшылары. Бірақ бұл – алдын ала дерек. Мән-жай арнайы сараптамадан кейін белгілі болады.
УБАЙДУЛЛА ҚОЛДАСОВ, ППП КЕЗЕКШІ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:
— Zeekr жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылы жақтан Мәңгілік ел даңғылы бойымен бара жатқан. Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында солға бұрылар кезде, қарсы келе жатқан автобусқа жол бермей, соғылған. Салдарынан 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал