Қарағандыда 23 жастағы қыздың өліміне қатысты бұрынғы полицей сотталып жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қарағандыда қоғам назарын аударған сот процесі басталды. Сот алдында бұрынғы учаскелік полиция инспекторы жауап беріп жатыр. Бір жыл бұрын ол учаскелік полиция пунктінен ес-түссіз күйде табылған. Ал көрші кабинеттен 23 жастағы қыздың денесі анықталған. Қылмыстық іс «Құқық қорғау органы қызметкерінің қызметтік міндеттерін орындамауы» бабы бойынша қаралып жатыр. 37 жастағы бұрынғы полиция майорының қорғаушысы сот отырысын журналистердің қатысуынсыз өткізуді сұрады. Себебі сот барысында марқұммен арадағы қарым-қатынасқа қатысты интимдік мәліметтер, хат алмасулар және басқа да жеке деректер айтылмақ. Судья өтінішті қанағаттандырды. Қаза тапқан қыздың жақындары сотталушыға барынша қатаң жаза берілгенін қалайды және материалдық өтемақы талап етпек.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал