Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алтын Ордадағы көлік кептелісі Алматы облысы мен мегаполис тұрғындарының күнделікті мәселесіне айналды. Әсіресе кешкі уақытта көлік ағыны бірнеше шақырымға созылып, жүргізушілердің жолда ұзақ тұруына себеп болады. Жолдың кеңейтілуі де әзірге мәселені толық шешпеген. Көлік қозғалысына аялдама маңындағы ретсіз сауда мен жол бойына тоқтайтын таксилер де кедергі келтіруде. Ал қоғамдық көлікке мінуге асыққан жолаушылар үшін жағдай тіпті күрделі. Тұрғындар жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіріп, көлік қозғалысын іркитін мәселелерді шұғыл шешуді сұрайды.
Кептеліске бірнеше фактор әсер етеді. Жолдың кеңдігі, аялдама маңындағы жағдай және қоғамдық көліктің қозғалысы – барлығы бір-біріне байланысты. Бұл мәселені шешудің қандай жолдары бар? Қаланы жоспарлау жөніндегі маманның пікірін тыңдайық.
АДИЯ ҚАРСЫБЕК, ҚАЛАНЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫ:
— Бұл мәселені шешу үшін кешенді шаралар қажет. Оның ішінде тек көлік саласына қатысты емес, қала құрылысына қатысты шаралар да болуы керек. Ең бастысы – қоғамдық көлікті дамыту және қаланың автокөлікке тәуелділігін азайту. Яғни қалалық ортаны жоспарлау кезінде адамдардың қоғамдық көлікпен еркін әрі ыңғайлы қатынауына жағдай жасауға басымдық беру қажет. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге қолайлы ортаны қалыптастырып, велосипед сияқты баламалы көлік түрлеріне де жағдай жасау маңызды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.