Депутат өңірлік университеттерді ғылым мен инновация орталығына айналдыру қажеттігін айтты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Өңірлердегі жоғары оқу орындарын ғылым мен инновация орталығына айналдыру қажет. Құрылтайда «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Нұрлан Дулатбеков Ғылым министрінің назарын осы мәселеге аударды. Оның айтуынша, адами капиталдың сапасы елдің экономикалық әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін айқындайды. Алайда жоғары білім мен ғылым саласында шешімін күткен өзекті мәселе көп. Мәселен, мемлекеттік университеттер басқару және қаржы мәселесінде орталықтандырылған жүйеге тәуелді. Ал ғылыми әлеует пен қаржының басым бөлігі ірі қалаларда шоғырланған. Сондықтан аймақтағы жоғары оқу орындарына көбірек еркіндік беріп, жас ғалымдарға тұрақты мансаптық жағдай жасау ұсынылды.
НҰРЛАН ДУЛАТБЕКОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
— Мемлекеттік университеттердің автономиясын кеңейту және корпоративтік басқару қағидаттарын дамыту. Екінші, өңірлік университеттерді ғылым, инновация және аумақтық даму орталықтары ретінде қолдаудың кешенді бағдарламасын әзірлеу. Үшінші, ғылыми мансаптың үздіксіз жүйесін қалыптастыру және ғалымдарды өңірлерге тарту үшін қосымша ынталандыру тетіктерін енгізу. Жастар саны қарқынды өсіп отырған өңірлерде жаңа университеттік орталықтар құру мүмкіндігін қарастыру қажет.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал