ШҚО-да қазандықтар мен жылу электр орталықтары қысқа 97% дайын

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Шығыс Қазақстан облысындағы қазандықтар мен жылу электр орталықтары қысқа 97 пайызға дайын. Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. Биыл өңірдегі жылу көздерін жөндеу және жаңғыртуға бюджеттен 28 млрд-тан астам теңге бөлінді. Қыста күн 43 градусқа дейін суытатын Алтай ауданында үш қазандық қалпына келтірілді. Қазандықтарды іске қосу үшін 80 тонна мазут дайындалды. Ал Өскемен қаласының іргесіндегі Ахмирово кентінде апатты жағдайдағы қазандық қайта қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары бес жылға созылып, барлық жабдық автоматтандырылды.
САМАТ ДАИРОВ, ЭТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қалған қазандықтар мен ЖЭО-ларда да бекітілген кестеге сәйкес жұмыстар 97-98 пайызға орындалды. Жұмыс жалғасып жатыр. Жалпы, жылыту маусымын бастауға және жылуды уақтылы беруге қатысты ешқандай мәселе жоқ. Негізгі жабдықтардың барлығы жұмыс істеп тұр. Бүгінде жылу көздеріне шамамен 600 мың тонна көмір дайындалды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал