Семейдегі мектеп оқушылары мен мұғалімдердің жеке мәліметтері интернетке тарап кетті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Семейдегі мектеп оқушылары мен мұғалімдердің жеке мәліметтері ғаламторға тарап кетті. Мысалы, №31 мектептің сайтынан төрт мыңнан астам адамның аты-жөні, телефон нөмірі, мекенжайы және басқа да деректері табылған. Оның ішінде 344 оқушы бар. Яғни мыңдаған адамның жеке ақпараты мектеп сайттары арқылы көпшілікке қолжетімді болған. Прокуратура тексерісінен кейін ақпарат сайттардан өшірілді. Ал оған жол берген мектеп директорлары айыппұл арқалап, жауапты қызметкерлер тәртіптік жазаға тартылды.
АМАНЖОЛ РЫМБЕКОВ, ҚАЛА ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Мұндай мәліметтерді орналастыру жеке өмірге қол сұғылмаушылықтың бұзылуына және олардың заңсыз пайдаланылуына қауіп төндірген. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңсыз орналастырылған мәліметтер ашық қолжетімділіктен алынып тасталды, кінәлі тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылды. Прокуратура дербес деректер туралы заңнама талаптарын және оларды қорғау нормаларын, әсіресе ақпаратты Интернет желісінде орналастыру кезінде қатаң сақтаудың қажеттігін еске салады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал