Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Дәрігердің мәртебесі заңмен қорғалып, еңбегі біліктілігіне сай бағалануы керек. Құрылтайда бұл мәселені «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Дана Медеуова көтеріп, Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, пандемия кезіндегі сын-сағатта медицинадағы ең маңызды ресурс заманауи құрал-жабдық емес, білікті маман екені айқын болды. Сондықтан дәрігерлердің беделі мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді әлде де күшейту қажет. Бұдан бөлек, медицина қызметкері қағазбастылыққа уақыт жоғалтпай, науқасты сапалы емдеуге барынша көңіл бөлуі тиіс. Еңбекақы жүйесі де маманның біліктілігі мен кәсіби деңгейін ескеруі керек. Сондай-ақ кадр тапшылығын шешу үшін жаңа мамандарды тартумен қатар, тәжірибелі дәрігерлерді де жүйеде сақтап қалу маңызды.
ДАНА МЕДЕУОВА, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
— «Дәрігер» заңмен қорғалуы тиіс. Бұл атаудың артында медициналық білім, расталған біліктілік және кәсіби қызметпен айналысу құқығы тұруы керек. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төнген жағдайда дәрігерлердің жедел әрі дербес әрекет етуіне мүмкіндік берілуі тиіс. Ол үшін олардың өкілеттігі нақты айқындалып, кәсіби шешімдері заңмен қорғалуы қажет. Аталған мәселелерді жүйелі түрде шешу керек. Осыған байланысты мен «Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі мен қызметінің кепілдіктері туралы» заң жобасына бастамашылық етемін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.