Астанада автобус пен Zeekr көлігі соқтығысты | 30.09.2026

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

АВТОБУС АПАТЫ
Астанада автобус пен Zeekr көлігі соқтығысы. Төрт адам зардап шеккен. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Алдын ала болжам бойынша, жеңіл көлік жүргізушісі автобусқа жол бермеген. Оқиғаны полиция тексеріп жатыр.

ДҮКЕНДІ ҚИРАТТЫ
Оралда жүйткіген КАМАЗ азық-түлік дүкенін қиратты. Жүк көлігінен аяқ асты техникалық ақау шығып, жүргізуші тізгінге ие бол алмай қалған. Алдын ала дерек бойынша, апатқа басты себеп осы.

ҮЙ ҚҰСЫ ҚЫРЫЛДЫ
Солтүстік Қазақстан облысының Шаховское ауылында үй құсы әлі қырылып жатыр. Бүгінге дейін ауылда 15 мыңнан астам қанатты өлген. Жергілікті жұрт тәуелсіз сараптама жасатқысы келеді. Бірақ оған жауапты мамандар рұқсат бермей отыр.

КЕПТЕЛІС МЕЗІ ҚЫЛДЫ
Алтын орда базары маңындағы кептеліс қашан азаяды? Алматы тұрғындары күнделікті күйбеңнен мезі болғанын айтып шағымданды. «Қаланың шығар тұсынан басталатын кептеліс Қаскелең көпіріне дейін созылады», — дейді. Мәселе қашан шешіледі?

ДӘРІГЕР ҰСТАНЫМЫ
«Дәрігер болу – жүрек қалауы». Бұл – Ақтөбе облысында тұратын Қасымовтар әулетінің басты ұстанымы. Бүгінде отбасының үшінші буыны медицинаны таңдап, өз өмірін осы саламен байланыстыруды мақсат етіп отыр. Талай науқастың өміріне араша түскен ақ халатты абзал жандармен тілшілеріміз кездесті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал