Қарағандыда есірткі өндіретін астыртын зертхана әшкереленді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қарағандыда есірткі өндіретін астыртын зертхана әшкереленді. Трансұлттық қылмыстық топ мұнда синтетикалық есірткі өндіріп, кейіннен заңсыз өткізуді көздеген. Полиция мәліметінше, дайындалған шикізаттан екі миллионға жуық бір реттік доза алынуы мүмкін. Оның қара нарықтағы құны шамамен 40 миллиард теңге. Тәртіп сақшылары әуелі трансұлттық қылмыстық топтың екі мүшесінің ізіне түскен. Күдіктілер астыртын зертхананы арнайы жабдықтап, есірткі өндіретін орынға айналдырған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 48 және 28 жастағы екі күдікті сол жерде ұсталды. Тінту барысында көлемі 50 тонна болатын өнеркәсіптік цистерна анықталды. Оның ішінде шамамен 16 тонна пайдаланылған өнім мен сұйықтық болған.
ҚАЙЫРЖАН ТОҚУБАЕВ, ПД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
— Өнеркәсіптік цистернадағы заттың 10 литрі сараптамаға алынды. Қорытындыға сәйкес, ұсынылған сынамадан мефедрон заты анықталды. Яғни шамамен 2 миллионға жуық бір реттік доза тәркіленді. Осылайша, құқық қорғау органдары ауқымды есірткі өндірісінің жолын кесті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал