Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Бегімбет ауылында сәбиге қатысты келеңсіз жағдай болды. Ұйықтап жатқан 1,5 жасар баланың бетін тәрбиешінің көмекшісі тырнап, бөлмеден шығып кеткен. Бұл жағдай балабақшадағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
17 жылдан бері осы салада жұмыс істеп келген қызметкердің не себепті мұндай әрекетке барғанын тергеу анықтап жатыр. Полиция кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамау немесе тиісінше орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Аудандық білім бөлімінің мәліметінше, мектепке дейінгі бұл мекемде 25 бала тәрбиеленіп жатыр.
АЯН БАШАНОВ, ШАЛҚАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Орын алған оқиғадан соң жұмыс тобы құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құзырлы орган тарапынан іс қозғалып, сот медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаға қатысы бар қызметкер осы мекемеде 2009 жылдан бері жұмыс жасайды. Қазіргі таңда жұмыстан шеттетілді. Жағдай бақылауда.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.