Абай облысында мал ұрлығымен айналысқан 11 адам сотталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Абай облысында мал ұрлығымен айналысқан 11 адам сотталды. Қылмыстық топ Бесқарағай ауданында бір шаруа қожалығынан бірнеше рет мал ұрлаған. Олар 36 бас ұсақ малды қолды қылып, тағы 14-ін ұрлауға оқталған. Іс сотқа жолданып, мемлекеттік айыптаушы күдіктілердлің ұрлығын дәлелдейтін материалдарды ұсынды. Сот олардың барлығын кінәлі деп танып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырды.
АЙБЫН ЖАНАСПАЕВ, МАҚАСҚ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСҚАРМА ПОКУРОРЫ:
— Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Бесқарағай ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінен ұсақ малды бірнеше рет ұрлауға қатысы бар адамдар тобының қылмыстық әрекеті тоқтатылды. Абай облысының прокуратурасы азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады және құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін заңда көзделген жауаптылық пен жаза қарастырылғанын еске салады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал