Астанада алимент төлемегендерден 2 млрд теңге өндірілді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Астанада 2,5 мың баланың пайдасына алимент төлемегендерден 2 млрд теңге өндірілді. 5,5 мың борышкердің 26 млрд теңге көлеміндегі табысын жасырғаны белгілі болды. Бұл жайт Астана прокуратурасы өткізген тексеру кезінде анықталды.
Айта кетейік, прокуратура бастамасымен алимент берешегін өндіріп алудың жаңа тәсілі енгізілді. Бұрын жеке сот орындаушыларының назарынан тыс қалған борышкерлердің арнайы техникасы енді өндіріп алуға жататын мүлік ретінде қарастырылады. Осы тәсілдің нәтижесінде жалпы құны 2 млрд теңге болатын 126 бірлік құрылыс, жол және ауыл шаруашылығы техникасы анықталды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал