Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Көліктегі қауіпсіздік, цифрландыру және жасанды интеллект. Алматыда теміржол саласының бірнеше елден келген өкілдері бас қосып, осы мәселелерді жан-жақты талқылап жатыр. Мұнда жетінші Еуразиялық форум шеңберінде студенттік хакатон өтуде. Кезекті мәрте ұйымдастырылған шарапаты мол шарада қауіпсіздікпен цифрландыруға баса мән берілді.
Мұхамеджан Тынышбаев атындағы университетте теміржолшылар, IT- саласының мамандары және қауіпсіздік жүйесін әзірлеуші компанияның өкілдері бас қосуда. Биылғы форумның басты мақсаты – қауіпсіздікке қатысты ортақ тәсілдерді талқылап, өзара тәжірибе алмасу.
Теміржол саласында ен басты құндылық – қауіпсіздік. Сондықтан бүгінде инфрақұрылымды бақылау үшін салаға жасанды интеллект енгізілуде. Ол үшін «Ақылды диагностика» және «ақылды локомотив» жобасы жүзеге асып жатыр. Сондай-ақ жаңа цифрлық шешімдерді студенттердің өздері де ұсынуы керек. Яғни хакатонға қатысып жатқан 43 команда бір тәулікте «ҚТЖ-ның» нақты мәселелеріне арналған цифрлық жобалардың прототипін әзірлеуі тиіс.
МЕРУЕРТ ЖАРМАҒАМБЕТОВА, УНИВЕРСИТЕТ РЕКТОРЫ:
— Көлік саласының мамандарын, шетелдік сарапшыларды, серіктестерімізді бәрін жинадық. Бұл – өндіріс пен білім саласының арасындағы маңызды ынтымақтастық деп есептеймін. Бүгінде жастарымыз бұл саланың даму болашағын қалай көреді, жоспарлары қандай? Міне соны осы шарада білетін боламыз.
Осылайша дәстүрлі форум тәжірибелі мамандармен жас буынды бір алаңға тоғыстырды. Сарапшылары өзара тәжірибе алмасып, жаңа технологияларды талқыласа, студенттер теміржол саласының білікті мамандарымен тілдесіп, өз идеяларын сынауға мүмкіндік алды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.