Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Бүгін – Халықаралық қарттар күні. Бұл атаулы күн жыл сайын 1 қазанда атап өтіледі. Оны БҰҰ Бас Ассамблеясы 1990 жылғы 14 желтоқсанда бекітті. Мұндағы мақсат – аға буын өкілдерінің денсаулығы, өмір сапасы және әлеуметтік қорғалуы мәселелеріне назар аудару. БҰҰ мәліметінше, 60 жастан асқан адамдардың саны 2025 жылы шамамен 1,2 миллиардқа жеткен. Қазақстанда бүгінде 100 жастан асқан 1323 қария бар. Олардың шамамен 80%-ы – әйел, 284-і – ер адам. Мыңға жуығы қалада, 370-і ауылда тұрады. Ұзақ ғұмыр иелері ең көп Алматыда өмір сүреді. 304 адам. Қостанай облысында – 149, Жамбылда – 88, Түркістанда – 83, Шығыс Қазақстан облысында – 82, Абай облысында 76 тұрғын бар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.