Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қыркүйектің соңғы күні Азия ойындарындағы біздің құрама үшін өте қауырт әрі қайшылыққа толы болды. Бір жағынан, рекорд орнаттық: спортшыларымыз бір күнде 8 медаль жеңіп алды. Екінші жағынан, бірде-бір алтын бұйырған жоқ. Соның кесірінен Қазақстан өз орнын жоғалтып, Үндістанды алға жіберді. Қазір біз 9-орында тұрмыз. Дегенмен бұл күні қоржын бос қалмады. Теннисші Юлия Путинцева үшінші орын алып, ел тарихында тұңғыш рет Азиада медалына ие болды. Ал дзюдошыларымыз Абиба Әбужақынова, Елдос Сметов және Әділет Алмат күміс жүлде алды. Бұдан бөлек, бокстан үш қола, грек-рим күресінен бір медаль бұйырды. Есу слаломынан тағы екі жүлде алдық. Спорттық құзға өрмелеуден де жаңалық жақсы: спортшыларымыз ширек финалға шықты. Ал Дамир Тоқтаров Қазақстан рекордын жаңартты. Қазір құрама қоржынында 50-ден астам медаль бар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.