Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ЕСІРТКІ ОРДАСЫ
Қарағандыда ірі есрткі ордасы жойылды. Күштік құрылым өкілдері заңсыз зертхананы әшкерелеп, оны ұйымдастырушыларды тұтқынға алды. Астыртын цехтан 40 млрд теңгенің өнімі тәркіленді. Ол жерде есірткінің бірнеше түрі әзірленіп, қара нарыққа шығарылып отырған.
СӘБИДІҢ БЕТІН ТЫРНАДЫ
Енді тәрбиешілердің көмекшілері қылық таныта бастады. Ақтөбеде балабақша өкілі шырт ұйқыда жатқан сәбидің бетін тырнап қашты. Оның бұл оғаш әрекеті мекемеде орнатылған бейнебақылау камерасы арқылы әшкереленді. Баламен өштесуге не себеп?
ҚҰЛТЕМІРДІҢ ҚҰДІРЕТІ
Енді Семей жұртының тыныштығын темір ит күзетеді. Жасанды интеллект және бейнекамерамен жабдықталған роботтар тәртіп сақшыларына көмектеседі. Ақылды жүйе аймақтағы қауіп деңгейін алдын ала біліп, полицияға нақты әрі жедел ақпарат береді.
ХАН ТОҒАЙЫ
Өткенге құрмет көрсетудің озық үлгісі. Оралда өртеніп кеткен тарихи мекен қайта қалпына келтіріліп жатыр. Өңір жастары түгі қалмай күлге айналған Хан тоғайына жас ағаш отырғызылып, көгалдандырып жатыр. Айналаны күл-қоқыстан арылтуға көпшілік те атсалысуда.
ҚАРИЯ КҮНІ
Қазақстанда 100 жастан асқан 1 323 қария бар. Олардың көбі – кейуана. Егде тартқандардың мыңға жуығы қалада, 370-і ауылда тұрады. Ұзақ жасаудың сыры неде? Тілшілеріміз белсенді өмір сүру салтын сақтайтын зейнеткерлермен сұхбаттасты.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.