Шымкентте 10-12 жастағы балалармен интернет арқылы танысқан ер адам ұсталды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Шымкентте жасөспірімге қатысты заңсыз әрекет жасады деген күдікті ұсталды. Ер адам 10-12 жас аралығындағы балалармен интернет арқылы танысқан. Өзін 14 жастамын деп айтқан. Сөйтіп, бір қыз баланың сеніміне кіріп, телефон нөмірін сұрап алған. Кейін онымен WhatsApp-та сөйлескен. Әңгіме барысында ол жасөспірімнен интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнежазбаларды жіберуді сұраған. Осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті кінәсін мойындады. Қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал