Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Ұлытау облысында марганец кенін заңсыз өндірген қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер Қаражал қаласындағы «Шығыс» карьерінде арнайы өндірістік база жабдықтаған. Дайын өнім шетелге шығарылып отырған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, заңсыз сатылған өнімнен түскен пайда шамамен 2 миллион доллардан асқан.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Жүк автокөліктерімен тиісті құжаттарды пайдалана отырып, ел аумағынан тыс жерге шығарылған. Нәтижесінде, сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше метрден асып, оның құны 950 млн теңгеден асады. Тергеу жалғасып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.