Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматы тауларында 73 жастағы шетелдік туристі іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 1953 жылғы азамат 28 қыркүйекте «Шымбұлаққа» көтерілген. Кейін серіктестеріне қалаға жалғыз түсетінін айтқан. Алайда содан бері қонақүйге оралмаған. Қазір іздеу жұмыстары Талғар асуы маңында, шамамен 3200 метр биіктікте жүргізіліп жатыр. Операцияға 50-ге жуық адам, кинологиялық топтар мен еріктілер жұмылдырылған. Сондай-ақ 8 техника, 7 дрон және бір тікұшақ тартылды.
ӘНУАР ЮСУПОВ, ТЖД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бүгінгі таңда іздеу-құтқару жұмыстарына жүзден астам адам жұмылдырылды. Олардың қатарында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, сондай-ақ қала еріктілері бар. Қазіргі уақытта іздеу аумағы жан-жақты тексеріліп жатыр. Бүгінге дейін Кіші Талғар асуы мен оған жақын аумақтар тексерілді. Іздеу-құтқару жұмыстары күн батқанға дейін жалғасады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.