Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
AI & Digital Bridge халықаралық форумы аясында қатысушылар денсаулық сақтау саласын цифрландыру және медицинада жасанды интеллектіні дамыту жолдарын талқылады. Сарапшылар медициналық деректердің сапасына, оларды қауіпсіз пайдалануға және пациенттердің құқықтарын қорғауға ерекше назар аударды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус цифрлық технологиялар жауапкершілікпен енгізілген жағдайда денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
ТЕДРОС АДАНОМ ГЕБРЕЙСУС, ДДСҰ БАС ДИРЕКТОРЫ:
— Цифрлық трансформация – бүгінде денсаулық сақтау жүйелерінің дамуын айқындайтын негізгі мәселелрдің бірі. Алайды цифрлық трансформация тек қосымшалар, платформалар немесе құпылғылар туралы ғана емес. Бұл – денсаулық сақтау жүйелерінің адамдарға барынша әділ қызмет көрсетуі туралы әрбір қауымдастыққа назар аудару туралы. Дұрыс әзірленіп, жуапкершілікпен енгізілген жағдайда цфирлық денсаулық сақтау технологиялары денсаулық сақтау жүйлерені нығайта алады.
Негізгі мәселелердің бірі – медициналық деректермен жұмыс істеу. Қазақстандық сарапшылардың айтуынша, медициналық деректерді пайдалану үшін ақпаратты медициналық жүйелерге енгізудің бастапқы кезеңінен-ақ бірыңғай стандарттар мен нақты құрылымды қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар медицинада жасанды интеллектіні дамыту пациенттер тарапынан күмән тудырады. Сарапшылар адамдарға олардың деректерінің не үшін пайдаланылатынын ашық түсіндіріп, ақпараттың қауіпсіздігі мен құпиялылығына кепілдік беру қажет екенін атап өтті.
МАХМУУД АДИЛ, КАТАР, ТҮРКИЯ ДСМ БҰРЫНҒЫ КЕҢЕСШІСІ:
— Медицина саласында қауіпсіз әрі сенімді жасанды интеллектті дамыту үшін адамдардың сеніміне ие болу өте маңызды. Себебі біз адамдардың деректерін пайдаланамыз, сондықтан қоғамның сенімін қалыптастыруымыз қажет. Оның бірнеше жолы бар: біріншіден, халыққа бұл деректердің не үшін қажет екенін түсіндіру керек. Екіншіден, адамдардың жеке деректерін қауіпсіз әрі құпия түрде сақтау және ұсыну қажет. Сонда адамдар өздерінің жеке мәліметтері қорғалғанына сенімді болады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.