Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматыда қаланың ең үздік лингвистері анықталды. Бір ай бойы қазақ, орыс, ағылшын, француз, неміс және ұйғыр тілі мұғалімдері арасында ауқымды байқау өтті. Озып шыққан 7 мұғалім финалға жолдама алса, бас жүлдені және Англияға саяхатты қазақ мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі жеңіп алды. Өзге финалистер де жүлдесіз қалған жоқ. Бірінші орынға бір миллион теңге, екінші орынға 500 мың теңге, ал екі үшінші орынға 300 мың теңгеден ақшалай сыйлық табысталды. Арнайы номинация иегерлері де 100 мың теңгеден иеленді.
АИДА ИШАНОВА, ОРЫС ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:
— Бүгін мен бас жүлдені иелендім. Бұл марапат мен үшін өте ыстық, өйткені бұл – менің және шәкірттерімнің еңбегінің жемісі. Бұл тек бастамасы деп білемін. Жақында ғана менің басты тәлімгерім, ұстазым Саадат Халиловна өмірден өткен еді. Осы жеңісімді Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында сол кісінің рухына бағыштаймын! Мереке құтты болсын!
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.