Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматы облысының тұрғындары көшелерді, аулалар мен саябақтарды тазалады. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында өткен тазалық акциясына еріктілер, жастар және белсенді азаматтар қатысты. Қонаев қаласында тазалық жұмыстарымен қатар 200 алма ағашы отырғызылды. Облыс бойынша бір күн ішінде 700 гектардан астам аумақ тазартылып, 2 мың тоннадан астам қоқыс жиналды. Ал соңғы жеті айда өңірде 10 мың гектар аумақ тазартылып, 100 мыңнан астам ағаш отырғызылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.