«Әділет» партиясының бастамасымен қарттар күніне орай республикалық фестивалі өтіп жатыр

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

«Әділет» партиясының бастамасымен еліміздің барлық өңірінде «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» республикалық фестивалі өтіп жатыр. Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылған ауқымды жоба 4 қазанға дейін жалғасады. Оған 3,5 мыңнан астам адам қатысуда. Басты мақсат – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, аға буынның өмірлік тәжірибесі мен білімін жастарға жеткізу. Қазір әр аймақта түрлі буын өкілдері бас қосатын ашық алаңдар жұмыс істеп тұр. Қатысушылар тоғызқұмалақ, асық ату секілді ұлттық ойындар ойнап, шығармашылық кездесулерде тәжірибе алмасуда. Ерекше бағыттың бірі – «Цифрлық ата, цифрлық әже» алаңы. Мұнда жас волонтерлер қарттарға цифрлық сервистерді қолдануды үйретіп, интернеттегі қауіпсіздік пен алаяқтықтан қорғану жолдарын түсіндіруде.
ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Мемлекет басшысы қазыналы қарттарымызға үлкен көңіл бөліп жатыр. «Әділет» партиясының бастамасымен 20 өңірде 5 мыңнан астам әртүрлі форматтағы кездесулер өткізіп жатырмыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал