Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қазақ гобелен өнерінің қалыптасып, дамуына сүбелі үлес қосқан атақты суретші Бәтима Зәуірбекованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Мұра жіптері» атты жеке көрмесі ашылды. Бұл шарада жіптен өрнек өрген өнер иесінің 80-нен астам туындысы жұртшылық назарына ұсынылды. Мұнда кескіндеме, киізден жасалған жұмыстардан бөлек, мұрағаттық фотосуреттер мен бейнематериалдар да бар. Суретшінің айтуынша, мұндай ерекше өнер оған анасынан дарыған.
БӘТИМА ЗӘУІРБЕКОВА, СУРЕТШІ:
— Әрқайсысы менің балам сияқты. Туындыларымды көрмегелі 40-50 жылдай болды. Соларды көріп керемет сезімдемін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.