Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Белгілі журналист Индира Жылқайдарова өмірден озды. Телевизияда өзіндік қолтаңбасы бар талантты журналист еңбек жолын облыстық телеарнадан бастап, сосын республикалық ақпарат кеңістігіне келді. 2008 – 2015 жылдары «Жетінші арнаның» жаңалықтар қызметінде жұмыс істеді. Сосын «Хабар» Аагенттігінде жұмысын жалғастырды. Оның сюжеттері өзіне ғана тән ерекшелікпен көзге түсетін. Көрермен оның жүзін көрмей-ақ, дауысын естігеннен танитын. Кадр сыртындағы әр сөзі, материалды жеткізу мәнері өзгеше еді. Дауысы да, оқиғаны баяндауы да ешкімге ұқсамайтын. Ол үшін журналистика жай ғана мамандық емес, қоғамға қажет дүниені айту, көмекке мұқтаждардың мұңын тыңдап, олармен бірге мұңайып, бірге қуанатын. Әлеуметтік мәселелерді де, мәдениет пен руханият тақырыбын да өзіндік көзқарасымен жеткізді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.