Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Шымкентте кәмелетке толмаған балаларға тиіскен ер адам ұсталды. Күдікті интернет арқылы 10-12 жас аралығындағы балалармен танысып, артынан кездесуге шақырып отырған. Осы оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарды аса сақ болуға шақырды.
ЗАҢСЫЗ КЕН ӨНДІРІСІ
Ұлытау облысында марганецті заңсыз қазу дерегі анықталды. Күдіктілер 2,1 млн доллар көлемінде пайда тапқан. Арнайы топ карьерде өндірістік база ұйымдастырып, 4 мың текше метрден астам кенді шетелге шығарған.
ТУРИСТ ЖОҒАЛДЫ
Алматы тауларында 73 жастағы шетелдік турист іздестіріліп жатыр. Ол «Шымбұлаққа» көтеріліп, кейін серіктестеріне қалаға жалғыз түсетінін айтқан. Бірақ қонақүйге оралмапты. Оны іздеуге 50-ге жуық адам, 8 техника, 7 дрон және бір тікұшақ тартылды.
МҰҒАЛІМДЕР КҮНІ
5 қазан – мұғалімдер күні. Жалпы, Қазақстан педагог саны жағынан әлемнің 197 елі ішінде үздік ондыққа енеді. Сарапшылардың пайымынша, әр бір мың оқушыға 15 ұстаз тәлім береді. Яғни білім беру саласында мәселе болмауы керек.
AI FILM FESTIVAL
Astana AI Film Festival-і аяқталуға жақын. Бұл – жасанды интеллект көмегімен әзірленген фильмдердің халықаралық байқауы. Сайысқа 125 елден сегіз мыңнан астам жұмыс келіп түскен. Соның 25-і ақтық сынға іріктеліп алынды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.