Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің Иркутск облысында қауіпті індет шықты деген ақпаратты жіті бақылауға алды. Еліміздің шекара пункттерінде санитарлық-карантиндік бақылау күшейтіліп, қауіп төмен деп бағаланып отыр. Ресейлік мамандар эпидемиологиялық тексеру жүргізіп жатқанымен, нақты диагноз әлі ресми расталмады. Марқұммен байланыста болған 197 адам медициналық бақылауға алынып, олардан ешқандай ауру белгілері табылған жоқ. Ресейдің Роспотребнадзор ведомствосы аймақтағы жағдайдың тұрақты екенін және оба ауруының тіркелмегенін мәлімдеді. Алдын ала болжам бойынша, 28 жастағы әйел белгісіз жұқпалы пневмониядан көз жұмды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.