Айқұрман Омарбеков Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы тағайындалды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Мемлекет басшысының өкімімен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы тағайындалды. Бұл қызметке Айқұрман Омарбеков келді. Ал сенбі күні, яғни қазанның үші қорғаныс ведомствосындағы бірқатар жоғары лауазымды тұлға қызметтерінен босатылды.
Еске сала кетейік, әскери құрылымды қайта құру жұмыстары 24 қыркүйекте Каспий жағалауында болған қайғылы оқиғадан кейін басталды. Сол кезде оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметші теңізге ағып кетті. 14 әскери қаза тауып, үшеуін құтқарып қалды. Осыдан кейін үкіметтік комиссия құрылды. Мамандар оқиғаның мән-жайын әлі де анықтап жатыр. Каспий теңізіндегі әскерилердің өліміне кінәлі барлық лауазымды тұлға заңға сәйкес қатаң жазаға тартылады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал