Қ. Тоқаев қазақстандық мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Бүгін елімізде Ұстаз күні аталып өтіп жатыр. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады. Президент өз құттықтауында ұлт болашағын тәрбиелеп жүрген мұғалімдердің еңбегін жоғары бағалап, заман талабына сай цифрлық технология мен жасанды интеллектті меңгерудің маңыздылығын атап өтті. Айта кетейік, соңғы жылдары елімізде педагогтердің жалақысы екі есеге өсіп, мемлекет тарапынан қолдау шаралары едәуір артты. Бүгінгі таңда Қазақстанда барлығы 600 мыңға жуық тәжірибелі және білікті ұстаз білім беру саласында еңбек етіп келеді. Олардың ішінде 420 мыңнан астамы мектептерде сабақ беріп, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруде.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал