Білім беру жүйесінде әйел мамандардың үлесі басым

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

600 мыңға жуық педагог. Бұл – елдегі білім саласында еңбек етіп жүрген мамандардың саны. Оның 420 мыңы мектептерде сабақ берсе, 104 мыңнан астамы мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде жұмыс істейді. Ал 42 мыңға жуығы техникалық және кәсіптік білім беру саласында еңбек етіп жүр. Қызығы, білім беру жүйесінің барлық деңгейінде әйел мамандардың үлесі басым болып шықты. Тағы бір қуантатын жәйт, тәжірибелі ұстаздардың да үлесі жоғары. Мәселен, мектептерде еңбек өтілі 30 жылдан асқан 53 мыңнан астам педагог бар. Тағы 73 мыңға жуығы бұл салада 20 жылдан 30 жылға дейін қызмет етіп келеді. Яғни білім беру саласында тәжірибелі, білікті мұғалімдердің жаңа буынмен жұмыс істеуі кәсіби сабақтастықтың сақталғанын аңғартады.
Айта кетерлігі, ұстаздарды қолдау шаралары да едәуір артқан. Соңғы 5 жылда жалақылары екі есе өсті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал